13 наурыз 2021 12:24

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы: қазақстандық ғалымдардың ойы қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz фотоколлажы Tengrinews.kz фотоколлажы

Қаңтар соңында қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасының жобасы ұсынылды. Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшу 2023-2031 жылдар аралығына жоспарланып отыр. Tengrinews.kz тілшісі бірнеше маман, ғалымнан жаңа кесте туралы пікірін сұрады.


Қаңтар соңында қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасының жобасы ұсынылды. Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшу 2023-2031 жылдар аралығына жоспарланып отыр. Tengrinews.kz тілшісі бірнеше маман, ғалымнан жаңа кесте туралы пікірін сұрады.

Иллюстрация ©Tengrinews.kz

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесінің міндетін атқарушы Жанар Таласпаева әліпбидің жаңа нұсқасы туралы пікірін білдірді.

"Осы уақытқа дейін латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің бірнеше нұсқасы ұсынылды. Белгілі бір дыбыстарды белгілеу тұрғысынан ескертулер, кемшіліктер болды. Алайда көбімізге соңғы нұсқа бірден ұнады, дыбыстар халықаралық тәжірибеде жиі қолданылатын символдармен жеткізілген. Емледе  шамалы өзгерістер болуы мүмкін. Менің ойымша, осы соңғы нұсқа қалады", - дейді Жанар Таласпаева.

Оның айтуынша, жаңа әліпбиге көшуде бірнеше негізгі қиындық бар. "Бұл адамдардың санасына, ішкі қорқынышқа байланысты. Жаңа әліпби мен орфографиялық ережелерді оқыту тұрғысынан уақытша қиындықтар болады. Ол үшін қазақ тілін латын графикасына көшірудің кешенді кезең-кезеңмен жоспары әзірленді. Болашақ ұрпақ баспа басылымдарын түсінбей қалады деген көптеген пікірді ескеретін болсақ, бүгінде мәтінді бір графикадан екіншісіне ауыстыратын технологиялар жасалды. Мәтінді аударуда аса проблемалар болмайды. Бірақ іс қағаздарды жүргізуде қиындықтар болады, ол үшін мұғалімдер сияқты қызметкерлерді де оқыту курстарын бастау керек".

Педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Нұрша Оразақынова да латын әліпбиіне көшуді қолдайды.

"Біз бұл реформаның маңызын түсінуіміз керек. Латын әліпбиіне көшу - ең алдымен қазақ тілінің дамуына деген ішкі қажеттілік. Мен оқытушы ретінде қазақ тілінің қайта өрлеу дәуіріндегі әліпбиді реформалаудың, ақпараттық технологияларды таратудың, жаһанданудың, біздің өмірімізді компьютерлендірудің маңыздылығы мен қажет екенін түсінемін. Үшінші сыныпқа дейінгі балаларды осы әліпбиге қарқынды үйрету керек деп санаймын. Кириллицаны білетін егде жастағы адамдарға алғашқы кезде үйрену қиын болады, ал жастар мен шетелдіктерге бұл оңайырақ соғады деп ойлаймын. Қазір жастар латын графикасын еркін қолданады, оларға бірнеше нақты дыбыстарды жазуды үйрену қиын емес. Ең бастысы - ниет пен еңбекқорлық", - деді ол.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғалым, дипломат, филология ғылымдарының докторы Әділ Ахметов жаңа нұсқаны аяқталмаған деп санайды.

"Менің ойымша, барлық нұсқа шикі. Үшіншісі де сондай", - дейді ол. - Қазақстандықтар әлі біріне де үйренген жоқ. Барлық әріп сол қалпы қалды. Латын қарпіне көшу көптеген мүміндік беретіні сөзсіз, жаңа әліпбиге көшу бойынша әзірленген жоспарды ұстанатын болсақ, көшу барысы дұрыс өтеді. Нәтижелі болу үшін әр әрекетті мұқият қарастыру керек".

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекжан Әбдуәлиұлы латын әліпбиіне көшуді білім беру процесінің бір бөлігі ретінде қарастырады.

"Әліпби реформасы мәдени сәйкестендіру олқылығының орнын толтыруға бағытталған. Латын қарпіне көшу - бір әріпті екіншісіне ауыстыру емес, бұл қазақ тілі мен жоғары технологияларды одан әрі дамыту үшін жағдай жасауды мақсат ететін өте күрделі процесс. Бұл прогрестің, озық білімнің, цифрлық қарым-қатынастың негізі. Мысалы, басқа тілден енген сөздер қазақ тіліндегі дыбысталуға бейімделеді. Осылайша қазақ тілі өзінің артикуляциясы мен ұлттық ерекшелігін сақтайды. Әрине, үшінші нұсқаның соңғы болғанын қалаймын", - деді Бекжан Әбдуәлиұлы.

Филология ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының профессоры Зейнеп Базарбаева әліпби реформасының тарихи маңызын атап өтті.

"Бұл мемлекеттік тілді жаңғырту мен дамыту, халықаралық қоғамдастықты халқымыздың мұрасы мен мәдениетімен таныстыру үшін қажет. Бұл инновациялардың, цифрлық технологиялардың алдыңғы қатарлы әлеміне кірігу үшін өркениетті таңдау", - деп өз ойын бөлісті Зейнеп Базарбаева. Ол реформа Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістікке кіру үдерісін жеделдететінін айтты.

Еске салайық, жетілдірілген әліпбиде 31 әріп бар. Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети