telegraf.com.ua жасаған көрініс
Қазақ елі билік құрылымдары жаңадан жасақталып жатқан Украинамен арадағы қарым-қатынасын үзбейді. Бұл туралы "Астана" телеарнасына берген эксклюзивті сұқбатында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Украина билігі елде орын алған экономикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстанмен арада осыған дейін қол қойылған бірде бір келісім-шартты бұзған емес. Осыны ескерген ресми Астана да екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға бағытталған келісім-шарттарды уақытылы орындаумен келеді. "Менің білуімше, қазақ елі Украинамен әсіресе экономикалық, қоғамдық-гуманитарлық және мәдени мәселелер бойынша келісім-шарттарды жиі қабылдаған. Бүгінге дейін Украина елінің әлдебір мәселелер бойынша келісілген міндеттемелерді орындамады немесе орындауға ниет танытпады деген мағынада әңгіме болған емес. Қазіргі таңда тараптар бекітілген келісімдердің барлығын уақыты орындап келеді", - деді Әшімбаев. "Оның үстіне Украинамен арада қол қойылған кез келген келісім-шарт екі ел үшін де аса тиімдігілімен ерекшеленеді. Ондай құжаттардың қай-қайсысын болмасын негізсіз деп айтуға келмейді. Сондықтан қол қойылған барлық келісімдер лайықты деңгейде жүзеге асырылатын болады", - деп өз ойын толықтырды Мәжіліс депутаты.
Қазақ елі билік құрылымдары жаңадан жасақталып жатқан Украинамен арадағы қарым-қатынасын үзбейді. Бұл туралы "Астана" телеарнасына берген эксклюзивті сұқбатында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Украина билігі елде орын алған экономикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстанмен арада осыған дейін қол қойылған бірде бір келісім-шартты бұзған емес. Осыны ескерген ресми Астана да екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға бағытталған келісім-шарттарды уақытылы орындаумен келеді.
"Менің білуімше, қазақ елі Украинамен әсіресе экономикалық, қоғамдық-гуманитарлық және мәдени мәселелер бойынша келісім-шарттарды жиі қабылдаған. Бүгінге дейін Украина елінің әлдебір мәселелер бойынша келісілген міндеттемелерді орындамады немесе орындауға ниет танытпады деген мағынада әңгіме болған емес. Қазіргі таңда тараптар бекітілген келісімдердің барлығын уақыты орындап келеді", - деді Әшімбаев.
"Оның үстіне Украинамен арада қол қойылған кез келген келісім-шарт екі ел үшін де аса тиімдігілімен ерекшеленеді. Ондай құжаттардың қай-қайсысын болмасын негізсіз деп айтуға келмейді. Сондықтан қол қойылған барлық келісімдер лайықты деңгейде жүзеге асырылатын болады", - деп өз ойын толықтырды Мәжіліс депутаты.