08 мамыр 2020 14:01

Қазақстан және Ресей жұлдыздары 9 мамырға арналған ерекше құттықтау түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет:  pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

9 мамыр қарсаңында қазақстандық және ресейлік шоу-бизнес өкілдері "Тырналар" әнін айтты. Роликте  Батырхан Шүкеновтің осы әнді айтып тұрған үзіндісі келтірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


9 мамыр қарсаңында қазақстандық және ресейлік шоу-бизнес өкілдері "Тырналар" әнін айтты. Роликте  Батырхан Шүкеновтің осы әнді айтып тұрған үзіндісі келтірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерекше құттықтау идеясын қазақстандық Даут Шайхисламов, Мәлік Хасенов және Санат Шапашовтар бастаған. Олар Мәскеудегі КВН-нің жоғарғы лигасында бір командада ойнап, дос болып келеді.

Ән айтқандардың арасында Александр Розенбаум, Николай Расторгуев, Гарик Сукачев, Сергей Безруков, Валерий Меладзе, Владимир Пресняков, Евгений Маргулис, Григорий Лепс, Нұрлан Абдуллин, Ренат Гайсин, Леонид Якубович, Александр Ревва, Алексей Голубев, Владимир Кристовский, Валерий Сюткин бар.

Сондай-ақ роликке Батырхан Шүкеновтің әнді орындаған кезінен үзінді қосылыпты.

"Әнді осы үзіндімен аяқтап, біздің аңыз әншіміз Батырдың рухына тағзым етеміз", - деді Даут Шайхисламов.

"Бастамаға қолдау көрсеткендердің барлығы - аңыз адамдар, нағыз музыканттар. Олармен ұзақ сөйлесіп, көндіруге тура келмеді, керісінше, идеяны айттық және олар бізге сенді", - деді Даут Шайхисламов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети