Қазақстан "жасыл" аймаққа көшті. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлім етті. Ол қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның бас санитария дәрігері қаулысына сәйкес, аумақтық санитария дәрігерлері "жасыл" аймаққа өткен өңірде шектеу шараларын жеңілдетуі мүмкін. Қазақстан "жасыл" аймаққа өткеніне қарамастан, "қызыл" аймақта бір өңір бар. "Сары" және "жасыл" аймақтағы өңірлерде карантин жеңілдеуі мүмкін. "Қызыл" аймақтағы өңірде шектеу шаралары қатаңдайды", - деді Байтанаев.
Ол Қазақстан бойынша жағдай тұрақталып, барлық өңір "жасыл" немесе "сары" аймақта болса, елдің бас санитария дәрігері жеңілдік жасай алатынын айтты.
"Мысалы, Қазақстанда вакцина алған тұрғындар ел аумағына кедергісіз орала алады. Шетелдік рейстер саны көбейеді. Бірақ ол үшін жағдай тұрақты болуы керек. Ал бізде "қызыл" аймақта орналасқан өңірлер бар", - деді Байтанаев.
Ол карантин шараларын қатаңдату мәселесі бес күннен кейін, жеңілдету "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа ауысқаннан соң жеті күннен кейін енгізілетінін еске салды.
15 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!