Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде жол қозғалысы саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі талқыланды. Төменгі палата депутаттары "Жол қозғалысы туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заң жобасын қарауға кірісіп кетті.
Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде жол қозғалысы саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі талқыланды. Төменгі палата депутаттары "Жол қозғалысы туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заң жобасын қарауға кірісіп кетті.
Tengrinews.kz 2014 жылғы Қазақстан жолдарындағы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ұсынған апаттар туралы мәліметтерді келтіреді.
2014 жылы елімізде 20 378 жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаттары салдарынан 2 585 адам қаза тапты. 25 942 адам жарақаттанды.
Астанада жол-көлік оқиғасының артуы - 656-дан 754-ке дейін.
Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар санының артуы:
Алматыда 166-дан 198 адамға дейін;
Қостанай облысында 112-ден 128 адамға дейін;
Солтүстік Қазақстан облысында 52-ден 56 адамға дейін.
Әрбір сегізінші жол апаты республикалық маңызы бар жолдарда болған.
Жол апаттарының басым бөлігі жүргізушілердің кінәсінен болады. 2014 жылы жүргізуушілердің кесірінен 18 828 жол-көлік оқиғасы болған. 2 331 адам қаза тапты.
Мас күйде көлік айдаған жүргізушілердің кінәсінен 502 жол-көлік оқиғасы болды. 96 адам қаза тауып, 700 адам жарақаттанды.
Әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы жүргізушінің жылдамдықты шамадан тыс асырғанынан болған.
Әрбір он төртінші жол-көлік оқиғасы қарсы бағытқа шығып кету салдарынан болды.
Республикамызда әрбір екінші жол-көлік оқиғасы жолаушыларға арналған жолдан өтіп кетуден болады. Мұндай 9 040 жағдай тіркелді. 871 адам қаза тапты.
Жаяу адамдардың кінәсінен 1 494 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 245 адам қаза тауып, 1 350 адам жарақаттанды.