Республикамыздың автожолдарындағы жол-көлік оқиғаларының саны жыл басынан бері 5 пайызға азайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. Еліміздің жолдарындағы апаттылықты төмендетуге 2014 жылы "Жол қозғалысы туралы" Заңның қабылдануы себеп болды.

"Жол қозғалысы туралы" ҚР Заңын жүзеге асыру жол қозғалысы саласына тартылған барлық субъектілер арасында жауапкершілік аймағын нақты бөлуге, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметке талапты күшейтуге мүмкіндік берді.
"Жол қозғалысын бақылау және қадағалау айтарлықтай күшейтілді. "Қауіпсіз жол", "Автобус", "Назар аударыңыздар, балалар!" және басқа да өткізіліп жатқан ауқымды алдын алу іс-шаралары нәтижесінде Жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау 0,5 пайызға (1 миллион 687 мыңға дейін) артты", - деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.
Қолданылған шаралардың нәтижесінде, министрліктің мәліметінше, соңғы 3 жыл бойы, елімізде автокөлік құралдарының артуына қарамастан (+8 пайыз, 4,5 миллион дейін) апаттылық көрсеткіштерінің төмендеуінің тұрақты үдерісі байқалуда.