Қазақстан жолдарындағы жылдамдық сағатына 50 шақырымға дейін азайтылуы мүмкін

11 Қараша 2016, 14:27
0
Қазақстан жолдарындағы жылдамдық сағатына 50 шақырымға дейін азайтылуы мүмкін -

Қазақстан жолдарындағы жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан 50 шақырымға азайту ұсынылды, - деп хабарлайды "Колеса". Мұндай шектеулерді қалаларда және ауылдарда қолдану жоспарланып отыр.

ҚР Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми-әдістемелік инстиутының директоры Айдар Сәсеновтің айтуынша, сарапшылар көлік жүргізушілерінің жылдамдығын сағатына 30 шақырымға дейін қысқартпақшы. Ал автобус жүргізушілері мен жүк көлігінің жүргізушілеріне жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін қысқарту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Мәжілістегі жұмыс тобының Әкімшілік кодекске бірқатар өзгертулер енгізетіні айтылды. Оқу кезінде қойылатын талаптарды бұзған жағдайда немесе жарық құралдары мен апатты дабыл беру жүйесін қолданып, жол ережесін бұзғандарға қатысты айыппұл салу ұсынылды. Қазіргі уақытта 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салынатын айыппұлды ескертуге алмастырып, ал қиылыстарда жол ережесін бұзғандарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлдын орнына 3 айлық есептік көрсеткішті құрайтын айыппұл салу ұсынылды. Сонымен қатар, жол ережесін бұзып, жаяу жүргіншілерді қағып өткендердің жазасын 30-50 пайызға қысқарту ұсынылды.

Айдар Сәсеновтің айтуынша, мұнымен қатра мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа дейін жеке көлікпен емес, қоғамдық көлікпен баруға міндеттеу туралы ұсыныс айтылды. Бұл жүйені бастапқыда Астанада немесе Алматыда іске асырып көрмекші екен. Бірақ заңгер бұл норманың министрлерге, әкімдерге, депутаттарға және басқа да мемлекеттік қызметкерлерге қатысты қолданыла ма, жоқ па нақтыламады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай