28 қазан 2021 | 13:56

Қазақстан қалалары мен ауылдарында интернет сапасына қойылатын талаптар енгізіледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда интернетпен қамтамасыз ету сапасының стандарттары енгізіледі. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда интернетпен қамтамасыз ету сапасының стандарттары енгізіледі. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік бағдарлама аяқталғанша 100 пайыз жоғары сапалы интернетке қол жеткізуіміз керек. Қалада секундына 10 мегабит, ауылда секундына 5 мегабит болатындай деңгейге жетуіміз керек. Біз осыған байланысты сапа параметрлерін орнаттық. Бұрын мұндай нәрсе болмаған. Бізде 99 пайызы 3G немесе 4G қамтылғанын айтты. Біз осыған сапа параметрлерін ешқашан жариялаған жоқпыз. Талдауды бастағанда, мәселе 3G белгішесі қосулы ма, жоқ па екенін түсіндік. Кеше Президент осы тақырыпқа ерекше тоқталды. Ол бізге заңнаманы қалай өзгерту керектігін айтты", - деді министр Digital Bridge 2021 форумында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, Қазақстанда радиорелейлік байланыс немесе сым арқылы интернетке қосылу мүмкін емес 617 ауыл бар.

"Оларда біз төмен орбиталық спутниктік шоқжұлдыздарды қолданамыз. Мұнда бір компания бар, біз онымен ынтымақтасатын боламыз. Біз SpaceX-пен де жұмыс істеп жатырмыз", - деп қосты Бағдат Мусин.

Мусин атап өткендей, Қазақстанның ауыл шаруашылығы аумақтарының 15,7 пайызын сапалы интернетпен қамту жоспарланған.

"Қазақстан аумағы негізінен, ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылады. Біз премьер-министрмен ауылшаруашылық фермаларын аралап жүргенде, бәрінде инфрақұрылымды қамтамасыз ету, қандай қосымшаларды пайдалану, қандай технологияларды әкелу деген сұрақтар болды", - деді Мусин.

15,7 пайыз - инфрақұрылымға мұқтаж және көшуге дайын екенін айтқан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, кем дегенде, оны қалай жасау керектігі туралы түсініктері бар.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі Интернет сапасына наразы екенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети