Қазақстан қалаларында жер комиссиялары таратылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан қалаларында жер комиссиялары таратылады фото pixabay

Қазақстанда жер учаскелеріне құқық берудің электрон форматы енгізілгеннен кейін жер комиссиялары институты алып тасталады. Мұндай заң жобасын Сенат қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жер учаскелеріне құқық берудің электрон форматы енгізілгеннен кейін жер комиссиялары институты алып тасталады. Мұндай заң жобасын Сенат қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Заң жобасының мақсаты жер қатынастары, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және қала құрылысы саласындағы заңнаманы цифрландыру және осы салалардағы мемлекеттік қызметтерді электрон форматқа көшіру арқылы жетілдіру болып табылады.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың жерлері шегінде жер, құқық, қала құрылысы кадастрларынан цифрлық ақпарат және мемлекеттік органдардың өзге де мәліметін көрсететін жария кадастрлық карта арқылы "электрондық үкімет" веб-порталынан жер учаскелеріне құқық берудің электрон форматы енгізіледі.

"Осы аумақтарда жер учаскесіне құқық беру процесін автоматтандыруға байланысты жер комиссиясының институты, сондай-ақ уәкілетті органдардың жер-кадастрлық жоспарды әзірлеуі және бекітуі алып тасталады", - делінген заң жобасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети