Қазақстан қалаларының біріне ерекше мәртебе беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан қалаларының біріне ерекше мәртебе беріледі Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бүгін Мәжіліс депутаттары Қазақстан қалаларының біріне ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын қарауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Мәжіліс депутаттары Қазақстан қалаларының біріне ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын қарауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісмен Нұртай Сабильяновтың айтуынша, әңгіме Түркістан қаласы туралы.

"Заң жобалары Түркістан қаласын дамыту үшін тиімді институционалдық орталық құруға, Түркістан қаласының Қазақстанның рухани және тарихи орталығы ретінде қызмет ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, қаланың тарихи келбеті мен тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауға, Түркістан қаласына құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай жасауды қамтамасыз етуге бағытталған", - деді Нұртай Сабильянов.

"Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң жобасын Сабильянов басқаратын Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитеті қарайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети