Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигалов Оттавада Канаданың Қауымдар палатасының депутаты – Сыртқы және консулдық істер министрінің парламенттік хатшысы Дэвид Андерсонмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигалов Оттавада Канаданың Қауымдар палатасының депутаты – Сыртқы және консулдық істер министрінің парламенттік хатшысы Дэвид Андерсонмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан елшісі канадалық парламентарийге 10-11 маусымда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне шақыру хатын тапсырды. "Сұхбат барысында тараптар Қазақстан елордасында конгрестерді ұдайы өткізу бойынша Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастамасының күрделі халықаралық ахуал және әлемде діндік негіздегі зорлық-зомбылық оқиғаларының көбеюі жағдайында өзекті екенін ерекше атап өтті. Осы орайда Қазақстан халқы ассамблеясының төзімділік, дінаралық және ұлтаралық келісім принциптерін ілгерілету шеңберіндегі қызметінің маңыздылығы мен сәтті тәжірибесі атап өтілді", - делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанның ұлтаралық және мәдениетаралық келісім үлгісі канадалық саяси және сарапшылық орталарда үлкен қызығушылықпен қабылданады. Сондықтан Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығына бару және оның басшылығымен келіссөздер өткізу қазақстандық-канадалық дипломатиялық қарым-қатынастар тарихындағы Канада парламенті делегациясының Қазақстанға 2014 жылғы қыркүйектегі тұңғыш сапары бағдарламасының негізгі бөлігінің біріне айналды.
Сондай-ақ, Канаданың ресми өкілдері мәдениет пен діндердің жақындасуы тақырыбына Қазақстанда ұйымдастырылатын іс-шараларға үлкен қызығушылықпен қатысады. Соның ішінде, Канаданың дін еркіндігі бойынша елшісі Эндрю Бенеттің дін мәселелері бойынша халықаралық конференцияға қатысу мақсатында 2013 жылғы наурызда Астанаға сапарын, Канаданың бұрынғы премьер-министрі Жан Кретьеннің 2012 жылғы Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезіне қатысуын және тағы басқаларды атап өтуге болады.