14 желтоқсан 2020 | 12:51

Қазақстан Қарашығанақ консорциумынан 1,3 миллиард доллар алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хабар-24 © Хабар-24

Қазақстан Қарашығанақ консорциумынан өтемақы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Қарашығанақ консорциумынан өтемақы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

"Энергетика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі және Өкілетті орган – PSA ЖШС арқылы әрекет еткен Қазақстан Республикасының Үкіметі, сондай-ақ Қарашығанақ жобасының акционерлері – Эни, Шелл, Шеврон, Лукойл компаниялары дауды шешуді аяқтау жөнінде келісімге қол қойды", - делінген хабарламада.

Осылайша консорциум Қазақстан Республикасына 1 миллиард 305 миллион АҚШ доллары көлемінде төлем жасады.

Сонымен қатар, тараптар өнім бөлудің түпкілікті әдістемесін келісті, нәтижесінде: Қазақстан 2037 жылға дейін қосымша 600 миллион АҚШ долларын алады (мұнай бағасы 1 баррель үшін 40-50 АҚШ доллары болған кезде).

Айта кетейік, Қарашығанақ жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Шелл, ЭНИ, Шеврон , Лукойл шетелдік компаниялар альянсы және ҚазМұнайГаз арасында жасалған өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде іске асырылады.

2015 жылы Республика Консорциумның пайданы бөлуімен және әдістеме бойынша есептеулерімен келіспейтінін білдірген болатын. Осы коммерциялық келіспеушілік нәтижесінде Қазақстан өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің талаптарына сәйкес халықаралық төрелікке жүгінді. Төрелік процесі жүріп жатқан кезде Үкімет пен Консорциум өзара қолайлы шешім табу және келіспеушіліктерді шешу үшін келіссөздер жүргізіп жатқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети