26 қазан 2015 | 16:03

Қазақстан Катармен ұзақмерзімді серіктестікті дамытуға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Қазақстан Катармен ұзақмерзімді және өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайын, - деп хабарлайды Tengrinrew.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Бүгін Елбасы Катардың жетекші корпорациялары мен қаржы институттары басшыларымен кездесті.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Катармен ұзақмерзімді және өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайын, - деп хабарлайды Tengrinrew.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Бүгін Елбасы Катардың жетекші корпорациялары мен қаржы институттары басшыларымен кездесті.

Жалғасы

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі елдің ортақ тарихи және мәдени байланыстары бар екенін, сонымен қатар, Катар өз өңірінде ғана емес, халықаралық аренада да маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Катар қарқынды дамып келеді,  жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімінің көрсеткіші ең жоғары елдің бірі болып саналады.


© Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Катар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанына тоқтала келіп, сауда-экономикалық қарым-қатынасымызды мейлінше жоғары деңгейге жеткізу қажеттігін айтты.

"Иранның Парсы шығанағындағы Бандер Аббас портына Қазақстаннан тікелей шығатын теміржол елдеріміз арасындағы тауар айналымының жандануына ықпалын тигізеді деп үміттенемін. Орталық Азияда Қазақстанның әлеуеті зор және экономикалық мүмкіндіктері жеткілікті. Біз ұзақмерзімді және өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайынбыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.   

Мемлекет басшысы елімізде ауқымды институционалдық реформалар, индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық дамуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

Кездесуге Катар бизнесмендері қауымдастығының төрағасы, "Al-Faisal Holding Co." компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Фейсал бен Касем Әл Тани,  Катар бизнесмендері қауымдастығының тең төрағасы, "Ezdan Holding Group" холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Халед бен Тани Әл Тани, сонымен қатар "Um Haish International", "Medicare Group-Ahli Hospital", "Al Rayan Bank", "Qatar International Islamic Bank", "Qatar National Bank", "Qatar Solar Energy", "Qinvest Bank сияқты ірі компаниялар мен банктердің басшылары қатысты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети