27 маусым 2014 | 16:31

"Қазақстан-Көкшетау" телеарнасының басшысы жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kp.ru ©Kp.ru

Заңгерін соққыға жыққан "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасының директоры жұмыстан шығарылды. Бұл туралы "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Заңгерін соққыға жыққан "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасының директоры жұмыстан шығарылды. Бұл туралы "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрбір ұжымның өмірінде кейде сондай жағдайлар болып тұрады, біз болған жағдайға байланысты өкініш білдіреміз. Филиал директоры жұмыстан шығуға өз еркімен арыз жазды, біздің оның кәсіби жұмысына қатысты кінә қойған емеспіз. Ол Көкшетаудағы филиалға келгеннен кейін онда сапалы өзгерістер болды, контент өзгерді, ұжым бұл өзгерістерді жақсы қабылдады. Бірақ біз, өкінішке қарай, кейде жасаған іс-әрекеттерімізге жауапты болуымыз керек", - деді Мұхамеджанова.

"Біз бұл мәселені Ар-намыс кодексі тұрғысынан талқыладық, бұл оның өзіне ғана емес, басқа да басшыларға сабақ болмақ. Дегенмен бұл жағдай қалай болды, болды ма - болмады ма, оны құқық қорғау органдары анықтайды. Біз өз тарапымыздан біздің корпорацияда болған әрекеттерге байланысты жауап береміз", - деп түсіндірді ол.

Еске сала кетейік, Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің мамандары "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасы басшыларының өз заңгерін ұрып-соққаны туралы хабарлаған еді. Бұл жағдайға заңгердің "Хабар" агенттігінің меншікті тілшісіне "дұрыс сәлемдеспеуі" себеп болған. Оқиға 14 маусым күні болған, полицейлердің мәліметінше, заңгер үйінде болған кезде оған әріптестері қоңырау шалып, сыртқа шығуды сұрайды. Заңгер аулаға шыққан кезде қызметтік көлікпен келіп тұрған филиал басшысы мен оның орынбасарын және "Хабар" агенттігінің жергілікті тілшісін көреді. Басшылар көрген бетте өз қызметкерін соққының астына алған. Бұл дерек бойынша "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети