"Қазақстан" телеарнасы заңгердің соққыға жығылуына байланысты арнайы комиссия құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" РТРК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан" телеарнасы заңгердің соққыға жығылуына байланысты арнайы комиссия құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" РТРК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан" телерадио корпорациясы тарапынан "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасы басшыларының өз қызметкеріне не себепті қол жұмсағандығын анықтау мақсатына орай арнайы жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеп отыр. Ал қазір Ақмола облыстық ІІД өкілдері тергеу амалдарын жүргізіп, еліміздегі заңдар бойынша кімге қандай айып тағылатынын анықтауы тиіс", - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Еске саламыз, "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасының басшылары өздерінде жұмыс істейтін заңгерді "Хабар" агенттігінің сол облыстағы меншікті тілшісін лайықты дәрежеде күтіп алмады деген желеумен соққыға жыққан болатын. Ал бұл оқиғаға байланысты "Хабар" агенттігінің баспасөз қызметі қандай да бір мәлімет бермей отыр.
Бұл оқиға маусымның 13-інен 14-іне қараған түні болған. Заңгер үйінде болған кезде оған әріптестері телефон шалып, сыртқа шығып кетуін өтінген. Заңгер сыртқа шыққанда оның үйінің алдына екі бірдей қызметтік көлікпен келген "Қазақстан" телеарнасының облыстағы филиалының директорын, оның орынбасарын, "Хабар" агенттігінің Көкшетаудағы меншікті тілшісі мен өзімен бірге жұмыс істейтін бірнеше әріптесін көреді. Сол уақытта әңгімені ұзақ уақытқа созғысы келмеген телеарна басшылары оны соққының астына алған.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.