Қазақстан көлік кептелісі көп елдер қатарына кірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Көлік кептелісі бойынша ең нашар елдер рейтингінде Қазақстан 87 елдің ішінде 47-орынға тұрақтады. Елдегі көлік қозғалысы индексі 133,9 болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Көлік кептелісі бойынша ең нашар елдер рейтингінде Қазақстан 87 елдің ішінде 47-орынға тұрақтады. Елдегі көлік қозғалысы индексі 133,9 болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Рейтингке сәйкес, Қазақстан азаматтарының жұмысқа баруға кететін орташа уақыты бір жаққа 34,73 минут болады. Елдегі CO2 эмиссиясының индексі 4119,35 болды - бұл екі бағыттағы жұмыс сапары кезіндегі СО2 шығарындылары мөлшері.

ТМД елдерінің ішінде Ресей, Әзербайжан және Украина көрсеткіштері Қазақстаннан нашар, Беларусь елдерінің көрсеткіштері жақсы болып шықты. Сараптама авторлары бірқатар себепке байланысты Украина ТМД-да даулы мәртебеге ие екенін атап өтті.

Ең көп қозғалыс Нигерия, Коста-Рика және Шри-Ланкада, ең жақсы көрсеткіштер Австрия, Финляндия және Эстонияда тіркелген.

Биыл қаңтар-шілдеде Қазақстанның көлік-логистика секторындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 593,4 миллиард теңге болған, бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 7,8 пайызға көп (нақты көлемнің нақты өсімі – 5,2 пайызға).

Жүктеменің басым бөлігі Алматыда: 107,5 миллиард теңге, жылдық өсім – бірден 65,2 пайызға. Олардан кейін Алматы (64,1 миллиард теңге, минус 17,2 пайыз) және Атырау (56,5 миллиард теңге, плюс 97,1 пайыз) облыстары тұр. Салаға инвестицияның ең аз көлемі жаңадан құрылған Ұлытау облысында тіркелген.

Күрделі салымдардың негізгі бөлігі кәсіпорындардың меншікті қаражатына түскен: портфельдің 56,3 пайызы немесе 333,9 миллиард теңге, бір жыл бұрынғыдан ақшалай түрде 34,6 пайызға көп.

Қаражаттың тағы 20,1 пайызы республикалық бюджеттен қарастырылған: 119,5 миллиард теңге, плюс 22,3 пайызы. Жергілікті бюджеттен 63,5 миллиард теңге, банктік емес қаражат есебінен – 57,4 миллиард теңге, банк несиелері есебінен – 19,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro