Еліміздегі қонақүйлерге тоқтайтын шетелдік азаматтарды енді онлайн тіркеуге болады. Қызмет көрсетудің жаңа түрі келген қонақты бес минуттың ішінде ешқандай көші-қон қызметінің өкілдерінсіз қонақүйге тіркей алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл жүйе еліміздегі барлық қонақүйге міндеттеледі.

"Қонақтарды онлайн тіркеу жүйесі барлық елде бар. Сондықтан біз қазіргі уақытта әріптестерімізбен және басқа органдардағы қызметкерлермен біріге отырып, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте тіркеуді енгіздік", - деді ҚР ІІМ Көші-қон полиция департаменті басшысының орынбасары Еркін Байбатчин.
Оның айтуынша, шетел азаматтарын қонақүйге тіркеу қызметі тегін болады. Қонақ тіркелген соң оған электрондық нұсқадағы қағаз беріледі, яғни, шетел азаматы оны басып шығарып, паспортына тіркеп қояды.
ҚР ІІМ Сыртқы көші-қон басқарма басшысы Нұрғали Ристановтың айтуынша, Қазақстандағы барлық қонақүй шетел азаматтарын электронды портал арқылы тіркеуі керек. "Бұл ережелерді орындамаған қонақүйлерге қандай шараларды қолданатынымызды әлі шешпедік. Жақында ойластырып, шетелдік азаматтарды тіркемеген қонақүйлерге қандай жауапкершіліктің жүктелетінін хабарлаймыз", - деді Нұрғали Ристанов.