Қазақстан қонақүйлері шетелдіктерді онлайн тәртіпте 5 минут ішінде тіркей алады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Еліміздегі қонақүйлерге тоқтайтын шетелдік азаматтарды енді онлайн тіркеуге болады. Қызмет көрсетудің жаңа түрі келген қонақты бес минуттың ішінде ешқандай көші-қон қызметінің өкілдерінсіз қонақүйге тіркей алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл жүйе еліміздегі барлық қонақүйге міндеттеледі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздегі қонақүйлерге тоқтайтын шетелдік азаматтарды енді онлайн тіркеуге болады. Қызмет көрсетудің жаңа түрі келген қонақты бес минуттың ішінде ешқандай көші-қон қызметінің өкілдерінсіз қонақүйге тіркей алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл жүйе еліміздегі барлық қонақүйге міндеттеледі.

"Қонақтарды онлайн тіркеу жүйесі барлық елде бар. Сондықтан біз қазіргі уақытта әріптестерімізбен және басқа органдардағы қызметкерлермен біріге отырып, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте тіркеуді енгіздік", - деді ҚР ІІМ Көші-қон полиция департаменті басшысының орынбасары Еркін Байбатчин.

Оның айтуынша, шетел азаматтарын қонақүйге тіркеу қызметі тегін болады. Қонақ тіркелген соң оған электрондық нұсқадағы қағаз беріледі, яғни, шетел азаматы оны басып шығарып, паспортына тіркеп қояды. 

ҚР ІІМ Сыртқы көші-қон басқарма басшысы Нұрғали Ристановтың айтуынша, Қазақстандағы барлық қонақүй шетел азаматтарын электронды портал арқылы тіркеуі керек. "Бұл ережелерді орындамаған қонақүйлерге қандай шараларды қолданатынымызды әлі шешпедік. Жақында ойластырып, шетелдік азаматтарды тіркемеген қонақүйлерге қандай жауапкершіліктің жүктелетінін хабарлаймыз", - деді Нұрғали Ристанов. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer