Қазақстан Конституция күнін атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін 30 тамыздың демалыс күні болып жарияланғаны хабарланған болатын.
Қазақстан Конституция күнін атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін 30 тамыздың демалыс күні болып жарияланғаны хабарланған болатын.
Еліміздің Басты заңы осыдан 21 жыл бұрын - 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Оған сегіз миллионнан аса адам қатысқан. Құжатқа сәйкес, Қазақстан Президент басқаратын мемлекет болып табылып, ал 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні мемлекеттік мерекесіне айналды.
Конституцияның бірінші бабында Қазақстан өзін ең биік құндылығы адам және оның өмірі, құқығы, еркіндігі болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітті. ҚР Конституциясына 1998, 2007 және 2011 жылдары бірқатар өзгерістер енгізілді.
Бұл күні Қазақстанның барлық өңірінде мерекелік шаралар өткізіледі.