18 мамыр 2022 13:25

Қазақстан коронавируспен күреске қанша қаражат жұмсады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда пандемиямен күреске қанша қаражат бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда пандемиямен күреске қанша қаражат бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 2020 жылы бюджеттен 252 миллиард теңге бөлінгенін білдірді.

"Оның 28 миллиарды дәрі-дәрмекке, қорғаныс құралдары мен медициналық техниканы сатып алуға жұмсалды. Сонымен қатар, дәрігерлерге 197 миллиард теңге үстемеақы төленді", - дейді Ғиният. 

Ал 2021 жылы пандемияға 556 миллиард теңге жұмсалған.

"2021 жылы коронавирустың үш толқыны болды, жыл бойы осы індетпен күрестік. 97 миллиард теңге вакциналар, шприцтер және коронавирус диагностикасы үшін жұмсалды. Дәрігерлердің үстемеақысы мен іссапарына 413 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ, 40 миллиард теңге науқастардың ауруханада емделуіне жағдай жасауға жұмсалды", - деп түсіндірді министр. 

Ажар Ғинияттың сөзінше, 2022 жылы COVID-19-ға қарсы күреске 86 миллиард теңге бөлінеді. 

"Veracel және QazVaq вакциналарын сатып алуға 9 миллиард теңге жұмсалды. 20 миллиард теңге өткен жылы алынған Pfizer екпелеріне төленді. Біз бұл туралы Мәжілісте де айтқан едік", - деп қорытындылады ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети