01 шілде 2020 | 13:29

Қазақстан коронавирустан емдейтін "Фавипиравир" препаратын өндіргісі келеді - Бюрабекова

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан коронавирус инфекциясынан емдейтін препарат өндіргісі келеді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан коронавирус инфекциясынан емдейтін препарат өндіргісі келеді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету амбулаториялық деңгейде тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы бұйрық бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Бірыңғай дистрибьютор дәрілерді сатып алып жатыр. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 138,8 миллион теңгеге 59 дәрі-дәрмек түрі сатып алынды. Олар барлық өңірге жіберілді, жөнелту сомасы 128 миллион теңгеден асты. Медициналық ұйымдарда "Лапинавир" ("Ритонавир") және "Гидроксихлорохин" препараттары бар", - деді вице-министр.

Сондай-ақ, Бюрабекованың айтуынша, "Ремдисивир" препараты да сатып алынды.

Келісімшарт жасалды, таяуда дәрі-дәрмек стационарларға жеткізіледі. Бұл препарат тек коронавирустық инфекцияның ауыр түрлерін емдеу үшін қажет.

Таяуда "Фавипиравир" сатып алынады, бірнеше өндірушімен, соның ішінде Ресеймен келіссөздер жүргіземіз. Осы препаратты Қазақстан аумағында өндіруге дайын отандық өндірушілер бар", - деді вице-министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети