05 маусым 2022 | 14:06

Қазақстан коронавирусты жеңді ме? QazVac әзірлеушісі пандемия туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстан коронавирусты жеңді ме? Бұл сұраққа "Референдум" онлайн-марафоны барысында қазақстандық QazVac вакцинасын әзірлеушілердің бірі Күнсұлу Закарья жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан коронавирусты жеңді ме? Бұл сұраққа "Референдум" онлайн-марафоны барысында қазақстандық QazVac вакцинасын әзірлеушілердің бірі Күнсұлу Закарья жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биология ғылымдарының докторы коронавирус кезінде денсаулық сақтау саласы деңгейі жоғары көтерілгенін баса айтып, қазақстандықтарды босаңсымауға шақырды.

"Коронавирус барлық әлсіз тұсымызды, денсаулық сақтау жүйесіндегі, ғылым жүйесіндегі сәйкессіздікті көрсетті. Дәл осы жағдай ғылым мен жалпы денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлкен серпін берді. Қазір Оңтүстік-Шығыс Азияда не болып жатқанын жақсы білесіз. Бұл індеттің зардабын Қытай, Үндістан, Солтүстік Корея және т.б. көріп жатыр", - деді БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры.

Күнсұлу Закарья COVID-19-ға байланысты эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын "вакцинаны әзірлеуге үлкен серпін және дер кезінде нұсқаулар берген" Президент бастаған ұжымдық жұмыспен байланыстырды.

"Бұл тыныштық нені білдіреді (COVID-19 жағдайындағы - еск.)? Бұл біздің елде ұжымдық иммунитет қалыптасқанын білдіреді. Қазақстан аумағында әлемнің барлық елінен алынған вакциналар қолданылып, халқымыздың 70 пайызы екпеден өтті - бұл індетті тежейді. Бірақ бұл адам өміріне енген жаңа инфекция екенін, әлі тұрақтанбағанын жақсы білуіміз керек. Ол мутацияға ұшырайды, химера сияқты өзгереді. Сондықтан, жаңа түрлер, жаңа толқындар болуы мүмкін. Біздің міндетіміз осы жаңа толқындарға әрқашан дайын болу. Дайындық - бұл тұрақты ревакцинация", - деді ол.

QazVac әзірлеушісі әлемнің барлық күшті, ең ірі елдерінде ғылым экономиканың локомотиві екенін атап өтті. Сондықтан экономикамыз мықты болуы үшін Қазақстанда ғылымды дамыту қажет, деп түйіндеді сөзін Күнсұлу Закарья.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети