Қазақстан Қырғызстан мен Ресесйден кейбір тағам өнімдерін әкелуге және өткізуге уақытша шектеу енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Уақытша шектеу ресейлік келесі өнімдерге қойылды: Әртүрлі дәмі бар "HOCHLAND" балқытылған ірімшігі (Хохланд"ЖШҚ); әртүрлі дәмі бар глазурленген ірімшігі ("Преображенский" ЖШҚ МК); йогурт сусындары ("Кампина" ЖШҚ); "Славянские қант қосылған қойылтылған кілегей" құрамында сүт бар қойылтылған өнім ("Верховский молочно-консервный завод" ЖАҚ); сосиска өнімі ("Микояновский мясокомбинат" ЖАҚ); "Шоколайт" және "Голландские" вафлиі ("КДВ Кемерово" ААҚ). Қырғызстандық өнеркәсіптің "Шаруа" сары майын әкелуге тыйым салды.
"Шешім биылғы 8 айда жүргізілген зертханалық зерттеулерді талдау нәтижелері бойынша қабылданды, микробиологиялық көрсеткіштер бөлігінде және ашытқылар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық регламенттердің гигиеналық көрсеткіштерін бірнеше рет бұзу фактілері анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.