Қазақстан Қытай, Иран және Үндістан азаматтарына визасыз режим ашты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Қытай, Иран және Үндістан азаматтарына визасыз режим ашты Фото: Tengrinews.kz

Қазақстан Қытай, Иран және Үндістан азаматтары үшін 14 күнтізбелік күнге визасыз режим ашты. Бұл туралы ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің Facebook-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Қытай, Иран және Үндістан азаматтары үшін 14 күнтізбелік күнге визасыз режим ашты. Бұл туралы ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің Facebook-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылдың 8 шілдесінен бастап Қазақстан Үндістан, Иран және Қытай азаматтарына біржақты тәртіпте визасыз режим ашады. Бұл ретте Үндістан мен Қытай үшін 72 сағаттық визасыз арнайы транзиттік режим өз жұмысын тоқтатты.

Визасыз режим шарттарына сәйкес, Үндістан, Иран және Қытай азаматтары Қазақстанға шекарадан өткен сәттен бастап 14 күнтізбелік күнге дейін визасыз кіріп, жүре алады. Іскерлік, жеке және туристік мақсаттағы саяхаттарға рұқсат етіледі", - делінген комитет хабарламасында.

Визасыз режимде Қазақстанда болу мерзімі әрбір 180 күндік кезең ішінде 42 күнтізбелік күннен аспауы тиіс екенін ескерген жөн. Бұл шартты бұзу мынадай әкімшілік жауапкершілікке әкеледі:

  • 10-нан 25 АЕК-ке дейін айыппұл;
  • 15 тәулікке дейін қамауға алу;
  • Қазақстан Республикасынан шығару;
  • 5 жылға Қазақстан Республикасына келуге тыйым салу (сот шешімі бойынша).

"Сонымен қатар, шетелдік азаматтарға визасыз режим шеңберінде еңбек және басқа да ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынады. Бұл мақсаттар үшін қабылдаушы тарап (жеке немесе заңды тұлға) Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге рұқсат пен визаны алдын ала алуы қажет", - деп түсіндірді комитет өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети