24 қазан 2024 | 15:49

Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украина бойынша бейбіт жоспарын қолдайды - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "аутрич"/"БРИКС+" пленарлық отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украина бойынша бейбіт жоспарын қолдайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "аутрич"/"БРИКС+" пленарлық отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украина бойынша бейбіт жоспарын қолдайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украина бойынша бейбіт жоспарын қолдайды. Біздің еліміз БРИКС-ке қатысушы мемлекеттердің Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіргеніне қосылады, бұл адам шығыны мен гуманитарлық апатқа әкеп соқты. Біздің ойымызша, кедейлік, теңсіздік және білім жетіспеушілігі сияқты жанжалдардың түпкі себептерін бірлесіп жою халықаралық саяси ынтымақтастықты нығайтудың негізгі факторы болып қала береді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент еліміз Қытайдың халықаралық тұрақтылықты сақтауға, егемендікті қорғауға, көпжақты тәсілдерді қолдануға және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге бағытталған жаһандық қауіпсіздік бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.

"БҰҰ Жарғысында белгіленген диалогтар қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге және стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға ықпал ете отырып, БРИКС-тің күн тәртібінің негізі болды", - деді Президент.

Анықтама: БРИКС (BRICS) - 9 мемлекеттің бірлестігі: Бразилия, Ресей, Үндістан, ҚХР, Оңтүстік Африка, БАӘ, Иран, Египет және Эфиопия. Ұйым 2006 жылы маусымда құрылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети