04 қараша 2024 | 14:47

Қазақстан Қытаймен 2,5 миллиард доллар болатын келісімдерге қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

primeminister.kz primeminister.kz

Қазақстан Қытаймен жалпы құны 2,5 миллиард доллар болатын сегіз коммерциялық келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Қытаймен жалпы құны 2,5 миллиард доллар болатын сегіз коммерциялық келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты.

Кездесу нәтижесінде жалпы сомасы 2,5 миллиард доллар болатын 8 коммерциялық келісімге қол қойылдған.

  • "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС, "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ және "Goldcard Smart Group Co., Ltd" арасындағы $8 млн сомасына зияткерлік жүйелерді енгізу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Жоба Алматы қаласындағы "Алатау" ИТП АЭА аумағында компоненттердің локализациясын ескере отырып, GoldCard компаниясы жеткізетін құрамдас бөлшектерден газ есептегіштерін шағын торапты құрастыруды көздейді;
  • "Qarmet" АҚ мен Zhengzhou Coal Mining Machinery Grouop арасындағы көмір өнеркәсібіне арналған жабдықтар өндіру саласындағы "Qarmet" АҚ көмір департаментінің шахталары үшін $70 млн сомасына механикаландырылған кешендер сатып алу туралы келісім;
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Қытайдың Silk Road Fund Co.Ltd. және Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd. мемлекеттік инвестициялық қоры арасында құны $552 млн инвестициялық ынтымақтастық негіздерін белгілеу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  • "Qarmet" АҚ мен Xinxing Ductile Iron Pipes Co.,LTD арасындағы $161 млн сомасына Қазақстан Республикасында қуаты жылына 200 мың тонна сфералық графиті бар беріктігі жоғары шойыннан жасалған құбырлар шығаратын зауыт салу туралы келісім. Өнім Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық жүйесінің нысандарын салу, жаңғырту, реконструкциялау, кеңейту және жаңарту жөніндегі жобаларға арналған;
  • "Qarmet" АҚ мен China Metallurgical Group Corporation арасындағы $1 млрд сомасына тау-кен және металлургия салаларында ұзақ мерзімді және кешенді ынтымақтастық орнату туралы келісім;
  • "Qarmet" АҚ мен ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation арасындағы $649 млн сомасына кокс-химия өндірісін жаңғырту және көмір химиясын дамыту жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыру туралы келісім;
  • "Qarmet" АҚ мен Nanjing Fiberglass Research & Design арасындағы $30 млн сомасына Теміртау қаласында қуаты жылына 100 мың тонна дайын өнім болатын домна қождарынан минералды жылытқыштар өндіретін фабрика салу және 200 жаңа жұмыс орнын ашу туралы келісім;
  • "Saran Machinery" ЖШС мен Sinotruk International арасындағы $70 млн сомасына KD дистрибуция және құрастыру саласындағы, технологияны лицензиялау және тауар белгілерін пайдалану бойынша ынтымақтастық туралы келісімдер пакеті. Олардың ішінде Саран қаласында жүк және арнайы техника өндіру жөніндегі жобаны іске асыру туралы Меморандум бар, оның шеңберінде перспективада 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Жұмыс сапардың басты мақсаты – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин арасындағы екіжақты тауар айналымы көлемін өткен жылғы 41 миллиард доллар деңгейіндегі тарихи рекордтан екі есеге арттыру жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асыру.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети