Қазақстан Қытаймен шекараны жаба ма? Бас санитария дәрігері жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Қытаймен шекараны жаба ма? Бас санитария дәрігері жауабы Фото:elements.envato.com

Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова Қытайға шығу мен кіруге шектеу енгізу жоспарда жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова Қытайға шығу мен кіруге шектеу енгізу жоспарда жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас санитария дәрігерінің айтуынша, коронавирустың "Омикрон" штамы және оның әртүрлі түрі бүкіл әлемде таралған.

"Алаңдаушылық тудыратын жаңа штамдар жоқ. Онда біздің елде таралған бүкіл әлемдегі дүние болса, кіруге, шығуға карантин шектеулерін енгізудің не қажеті бар деген сұрақ туындайды. Вакцинация, ревакцинация процесі ұжымдық иммунитет деңгейін сақтайтынын есте ұстаған жөн. Сонымен қатар, бұл ауруға қарсы қорғаныс.

Бүкіл әлемде кіруге және шығуға шектеулер алып тасталды, соның ішінде Қазақстан да. Бұл Қытайға да қатысты. Бізде бар мәлімет бойынша, Қытайда дәл сол "Омикрон" таралған. Әлемнің кез келген еліне, соның ішінде Қытайға кіруге немесе одан шығуға ешқандай шектеу қоюға негіз жоқ", - деді Есмағамбетова "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети