Бүгіннен бастап Қазақстан латвиялық шпроттарға тыйым салды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Уранхаевқа сілтеме жасап.
Бүгіннен бастап Қазақстан латвиялық шпроттарға тыйым салды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Уранхаевқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, аталған өнімнің ішінде адам денсаулығына аса қауіпті заттар табылды. "Бүгіннен бастап Қазақстанның аумағына латвиялық шпроттарды әкелуге және сатуға тыйым салынды. Осыған орай, Жандарбек Мұхтарұлы (Қазақстанның бас санитарлық дәрігері - авт.) арнайы жарлыққа қол қойды. Ол туралы біз Ресей мен Беларусьтағы әріптестерімізге хабар бердік. Латвияға да хабарластық", - деді бүгін Н.Уранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, латиялық шпроттардың құрамында бензопирен деген зат табылды. Ол қатерлі ісік сияқты ауруларға себеп болады.