ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. ©Нұрғиса Елеубеков
ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейден саясаткер Эдуард Лимоновтың Қазақстанның солтүстігін басып алу туралы "ұсынысын" түсіндіруді сұрағалы отыр, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов айтты. Ресейлік саясаткер Эдуард Лимонов Facebook әлеуметтік желісінде Кремльге Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси Олимптен кеткенінен кейін Қазақстанның солтүстік облыстарына аннексия жасауды ойлануға кеңес береді. "Бұрынғы кеңестік екі ірі республика: Украина мен Қазақстан ауыр кезеңді бастан өткеріп отыр. (...) Қазақстанда елге жағымсыз девальвация жүріп жатыр. (...) Мені, шын мәнінде, осы екі бұрынғы кеңестік республикадағы ахуалдар қуантады. Мен егер біз аузымызды ашып отырмасақ, Украинаның бір бөлігі мен Солтүстік Қазақстан Ресейге тиеді деп үміттенемін. Қазақстандағы билікаралық кезеңде біздің орыстардың қалаларын Ресейге қайтып алуға мүмкіндік туады", - деп жазды Лимонов. ҚР Сыртқы істер министрлігі жұрт алдындағы адам үшін мұндай жауапсыз мәлімдеме жасау әбестік деп санайды. "Біз Лимоновтың жарияланымының қандай мақсатты көздегенін білмейміз, бірақ біздің ойымызша, мұндай мәлімдеме ол адамның психикалық жай-күйі туралы ойлантады. Қазақстан Республикасының егемендігі, Тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қол сұғуға болмайды. Біз бұларға қандай тараптан болса да қастық жасаушыларға көне алмаймыз", - деп мәлімдеді Үсенов. Сыртқы істер министрлігі мамандары ресейлік әріптестеріне Лимонов "ұсынысының" позициясына қатысты түсіндіруді талап еткен нота жолдауды ұйғарды. "Ресей - біздің досымыз, Қазақстанның одақтасы әрі стратегиялық серіктесі. Лимоновтың ақылға сыймайтын мәлімдемесінің Ресейдің Қазақстанға қатысты сыртқы саяси бағытына қатысы жоқ. Біз ресейлік серіктеріміздің Лимоновтың оғаш әрекетіне тиісті бағасын беретініне ешқандай күмән келтірмейміз", - деді Үсенов.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейден саясаткер Эдуард Лимоновтың Қазақстанның солтүстігін басып алу туралы "ұсынысын" түсіндіруді сұрағалы отыр, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов айтты.
Ресейлік саясаткер Эдуард Лимонов Facebook әлеуметтік желісінде Кремльге Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси Олимптен кеткенінен кейін Қазақстанның солтүстік облыстарына аннексия жасауды ойлануға кеңес береді. "Бұрынғы кеңестік екі ірі республика: Украина мен Қазақстан ауыр кезеңді бастан өткеріп отыр. (...) Қазақстанда елге жағымсыз девальвация жүріп жатыр. (...) Мені, шын мәнінде, осы екі бұрынғы кеңестік республикадағы ахуалдар қуантады. Мен егер біз аузымызды ашып отырмасақ, Украинаның бір бөлігі мен Солтүстік Қазақстан Ресейге тиеді деп үміттенемін. Қазақстандағы билікаралық кезеңде біздің орыстардың қалаларын Ресейге қайтып алуға мүмкіндік туады", - деп жазды Лимонов.
ҚР Сыртқы істер министрлігі жұрт алдындағы адам үшін мұндай жауапсыз мәлімдеме жасау әбестік деп санайды. "Біз Лимоновтың жарияланымының қандай мақсатты көздегенін білмейміз, бірақ біздің ойымызша, мұндай мәлімдеме ол адамның психикалық жай-күйі туралы ойлантады. Қазақстан Республикасының егемендігі, Тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қол сұғуға болмайды. Біз бұларға қандай тараптан болса да қастық жасаушыларға көне алмаймыз", - деп мәлімдеді Үсенов.
Сыртқы істер министрлігі мамандары ресейлік әріптестеріне Лимонов "ұсынысының" позициясына қатысты түсіндіруді талап еткен нота жолдауды ұйғарды. "Ресей - біздің досымыз, Қазақстанның одақтасы әрі стратегиялық серіктесі. Лимоновтың ақылға сыймайтын мәлімдемесінің Ресейдің Қазақстанға қатысты сыртқы саяси бағытына қатысы жоқ. Біз ресейлік серіктеріміздің Лимоновтың оғаш әрекетіне тиісті бағасын беретініне ешқандай күмән келтірмейміз", - деді Үсенов.