08 қазан 2024 | 18:00

Қазақстан-Мажарстан парламенттері ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мажарстан Мемлекеттік Жиналысының төрағасы Ласло Кёвердің шақыруымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат ресми сапармен Мажарстанға барды. Онда депутаттар Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен, Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Кёвермен кездесті.


Иконка комментария блок соц сети

Мажарстан Мемлекеттік Жиналысының төрағасы Ласло Кёвердің шақыруымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат ресми сапармен Мажарстанға барды. Онда депутаттар Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен, Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Кёвермен кездесті.

Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен жүздесуде екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық мәселесі кеңінен талқыланды. Мәжіліс төрағасы Орталық Еуропадағы бауырлас халық – мажар еліне ерекше ықыласпен келіп отырғанын айтып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған сәлемін жеткізді.

"Мажарстанмен ынтымақтастықты дамыту – Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттың бірі. Қазақстан мен Мажарстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері ынтымақтастығымыз – стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті. Биыл сол стратегиялық әріптестігімізге 10 жыл толып отыр. Әрине, бұл – көшбасшыларымыздың ерен еңбегінің жемісі", – деді Мәжіліс спикері.

Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдары Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар туралы айтып берді. Соның ішінде 6 қазанда өткен атом электр стансасын салу бойынша жалпыұлттық референдумға тоқталды.

"Ел болашағына тікелей қатысты болған соң, бұл мәселе жөнінде шешім қабылдауды Мемлекет басшысы халықтың өз еркіне берді. 6 қазанда Қазақстан халқының басым көпшілігі Президенттің бұл бастамасын қолдады. Біз атом өнеркәсібі саласында Мажарстанның тәжірибесі мол екенін білеміз. Осы салада бірлесіп кадр даярлау қолға алынып жатыр. Бұл жұмысты күшейтуге дайынбыз", – деді Мәжіліс спикері.

Ерлан Қошанов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Кёвермен кездесіп, парламентаралық қарым-қатынастың келешегін жан-жақты талқылады.

"Біз үшін Мажарстан – сенімді дос, бауырлас мемлекет және стратегиялық серіктес. Парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Сіздерде де дәл осындай ықылас бар екенін білеміз. Заң шығарушы органдарымызда достық топтары қарқынды жұмыс істеп келеді. Біз халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты форматта да тығыз байланыстамыз. Осы ықпалдастықты одан әрі арттыруға шақырамын", – деді Е.Қошанов.

Парламент басшылары Мәжіліс пен Мемлекеттік Жиналыс арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Одан соң Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, студенттермен кездесті.

Депутаттар келесі күні Қарсақ қаласындағы қыпшақтармен кездесіп, екі елдің ажырамас туыстығы мен мызғымас достығының белгісі ретінде "Домбыра" мүсінінің ашылуына қатысты.

Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж. Жұмабеков.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 495.09   526.18   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети