01 қыркүйек 2015 | 16:29

Қазақстан мектептерінде "Ерлік сабағы" өткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңа оқу жылында мектептердегі алғашқы дәріс "Ерлік сабағы" болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жаңа оқу жылында мектептердегі алғашқы дәріс "Ерлік сабағы" болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін алғаш рет Қазақстан Республикасының барлық мектебі мен колледжінде Қорғаныс министрлігі Білім министрлігімен бірлесіп "Ерлік сабағын" өткізді. Ол Қазақ хандығының 550 жылдығы мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын мерекелеу аясында халықаралық Білім күніне орай ұйымдастырылды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

"Әскери-патриоттық тәрбиені кешенді жүргізіп, оны мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау және жас ұрпақтың бойына сіңіру бүгінгі күннің талабы болып отыр. Осы орайда, "Ерлік сабағын" сапалы ұйымдастыру үшін әдістемелік кешен әзірленді" - деді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Талғат Мұхтаров.

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, "Ерлік сабағын" өткізу үшін ҚР Қарулы Күштерінен 1300-ден аса әскери қызметші қатысты. Сабақтарды өткізуге ҚР ҚК генералдары, офицерлері мен сержанттары, ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшыларының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер түрлерінің қолбасшылары, сондай-ақ әскери бөлім командирлері қатысты. Акция Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды.

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 

Сонымен қатар, Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері үшін де алғашқы қоңырау соғылды. "Осы оқу жылында мектеп 82 оқушыны қабылдады. Осы жылдың жаңалығы бұдан бұрын жасөспірімдер 7 сыныптан бастап қабылданса, енді жаңа ережеге сәйкес "Жас ұланға" жалпы білім беру мектебінің 9 сыныбын бітірген және негізгі орта білім туралы куәлік алған бозбалалар түсе алады", - деп жазылған ведомствоның баспасөз ьхабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети