Қазақстан мектептерінде жаңа міндетті пән пайда болуы мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мектептерінде жаңа міндетті пән пайда болуы мүмкін Фото:depositphotos.com/ blinow61

ІІМ жол қозғалысы ережелерін оқытуды мектеп бағдарламасына жеке міндетті пән ретінде қосуды ұсынды. Бұл туралы ОҚК брифингінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ жол қозғалысы ережелерін оқытуды мектеп бағдарламасына жеке міндетті пән ретінде қосуды ұсынды. Бұл туралы ОҚК брифингінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұлтанбаевтың айтуынша, мұндай сабақтар арқылы балаларға жолдағы заңға бағыну мәдениетін үйретуге болады, бұл балалар есейіп көлік жүргізе бастағанда жол қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді.

ІІМ мектеп жасындағы жол инспекторларынан құралған жасақтар жұмысын балалардың жолдарда жарақаттануының алдын алудың қуатты құралы деп санайды.

"Әлемнің көптеген елінде мектеп оқушыларын жол қозғалысы қауіпсіздігіне тарту идеясы білім беру мен қоғамдық мәдениеттің бір бөлігіне айналған. Халықаралық тәжірибе мұндай бастамалардың жол-көлік жарақаттарын азайтып, өскелең ұрпақта азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыратынын көрсетеді", – деді комитет төрағасы.

1 қыркүйек қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерді полицейлермен бірге әр баланың үйден мектепке және кері бағыттағы ең қауіпсіз жолын белгілеуге шақырды.

"Бала мектепке және үйге әрдайым бір ғана ең қауіпсіз бағытпен қатынауы тиіс, оны жатқа білуі қажет", - деді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети