Қазақстан мектептерінде жаңа пәндер пайда болуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстан мектептерінде ауыл шаруашылығы саласына мамандар дайындауға бағытталған жаңа пәндер пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мектептерінде ауыл шаруашылығы саласына мамандар дайындауға бағытталған жаңа пәндер пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден өзінің депутаттық сауалын премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жолдап, ауылдық жерлердегі білікті кадрлар тапшылығы мәселесін көтерді.

"Ауыл тұрғындарымен кездесулерде бірдей шағымдарды естиміз: механизаторлар, агрономдар, сауыншылар, ветеринарлар жетіспейді. Қазіргі уақытта 60 мыңнан астам маман қажет, әрі бұл тапшылық одан әрі ұлғая береді. Әр үшінші фермада кадр тапшылығы бар, әсіресе Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл және Алматы облыстарында. Жастар ауылдан кетіп жатыр, себебі олар онда мансаптық өсу мүмкіндігін көрмейді", – деді депутат Мәжіліс отырысында.

Ол Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы үшін кадрлар даярлау және ауылды дамыту мәселесін ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындап бергенін айтты.

"Бүгінде жастарды жай ғана оқыту жеткіліксіз, оларға туған жерінде өзін көрсетуге жағдай жасау қажет. "Кім қай жерде туды – сол жерде қажет болу керек" деген қағида ауыл шаруашылығында орта буын мамандарын даярлаудың негізіне айналуы тиіс.

Бұл мәселенің шешімі – мектептерде агропрофильдік білім беруді енгізу. Ауыл мектептерінде агропрофильдік сыныптар ашылуы тиіс. 7-11 сынып оқушылары механизация, агрономия, ветеринария, мал шаруашылығы және агробизнес негіздерін оқитын болады", – деп ұсынды Әбден.

Осыған байланысты депутат Оқу-ағарту министрлігіне ауыл мектептерінде агропрофильдік білім беру жөнінде мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді, ал Ауыл шаруашылығы министрлігіне мектептерді ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қосып, дуальді оқытуды қамтамасыз етуді ұсынды.

Сонымен қатар, ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істеуге дайын түлектерге жеңілдіктер мен гранттар жүйесін енгізуді, ал Ұлттық экономика министрлігіне бұл бағдарламаны ауылды дамыту жөніндегі ұлттық жобаларға қосу қажеттігін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro