Қазақстанда оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шаралар өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шаралар өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіндегілер биыл соңғы қоңырауға 137 мың қазақстандық түлектің қатысқанын айтты.
Салтанатты іс-шара әдеттегідей Мемлекеттік тудан басталды. Кейінірек мұғалімдер, ата-аналар жне оқушылар құттықтаулар айтты.
Сондай-ақ, бүгін түлектерде өз мектептерінде таланттарын көрсетіп, би билеуге мүмкіндік туды.
Салтанатты жиын әдемі шарларды аспанға ұшырумен аяқталды.
Сонымен қатар, әдеттегідей түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды.
Іс-шараның ресми бөлімінен кейін түлектердің көптен күткен сәті де келеді. Түлектер суретке түсіп, жақындары оларға құттықтауларын айтты.
© Tengrinews.kz