Қазақстан мектептерінде тамақтану ережелері өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мектептерінде тамақтану ережелері өзгерді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану нормаларын қамтитын жаңартылған бұйрықты бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану нормаларын қамтитын жаңартылған бұйрықты бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат тамақтануды ұйымдастыруды, оның тәртібін, тағамдардың құрамын және өнім сапасына қойылатын талаптарды реттейді.

Ауруханалардағы тамақтандыру

Бұйрықта негізгі диеталар қарастырылған, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіледі. Тамақтану тәртібін кезекші дәрігер белгілейді, ол науқастың ауру тарихына тіркеліп, асханаға беріледі.

Төрт реттік тамақтану енгізілді, қажет болған жағдайда алты ретке дейін көбейтіледі. Аспаздық процеске аға аспаз бен диетолог-дәрігер қатаң бақылау жүргізеді. ГМА өнімдерін, механикалық жолмен өндірілген құс етін және коллаген құрамды шикізатты пайдалануға тыйым салынған. Санитарлық нормалар қатаң сақталып, тағам сапасы мен қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі қадағаланады.

Мектептер мен балабақшалардағы тамақтандыру

Білім беру ұйымдарындағы стандарттар мәзірді, тамақтану тәртібі мен түрлерін (өздігінен әзірлеу, аутсорсинг немесе кейтеринг) қамтиды, бірақ балабақшаларда кейтерингке тыйым салынған. Тамақтанудың екі үлгісі енгізілді: стандартты мәзір немесе таңдау мүмкіндігі бар мультипрофильді (швед үстелі, ланч-пакеттер). Балалардың болу уақытына байланысты тамақтану саны бір реттен алты ретке дейін өзгеруі мүмкін. Медициналық қызметкерлер тағамдардың сапасын, диеталардың сақталуын және санитарлық нормалардың орындалуын бақылайды.

Өнімдердің сапасы мен сақтау шарттарына ерекше көңіл бөлінеді. ГМА өнімдері, жарамдылық мерзімі өткен, таңбаланбаған немесе сақтау шарттары бұзылған өнімдерді пайдалануға тыйым салынған. Ас мәзірінің 75 пайызы өсімдік негізіндегі өнімдерден тұруы тиіс, тұз бен қант мөлшері шектелген, йодталған тұзды қолдану міндетті. Ет тағамдары үшін жылқы еті, сиыр еті, терісіз тауық және күркетауық еті ғана рұқсат етіледі. Сусындар ретінде газдалмаған су, сүт өнімдері, компот және жеміс шайлары ұсынылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети