Қазақстан мектептеріндегі шектеулерді алып тастау: жаңа қаулы шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мектептеріндегі шектеулерді алып тастау: жаңа қаулы шықты Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бас санитария дәрігері міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетова білім беру ұйымдарындағы шектеулерді алып тастауды көздейтін қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас санитария дәрігері міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетова білім беру ұйымдарындағы шектеулерді алып тастауды көздейтін қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есмағамбетова облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне, Білім және ғылым министрлігіне 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарында күндізгі оқыту форматын қамтамасыз етуді тапсырды.

Барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдары басшыларына "2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы" бас санитария дәрігердің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының және "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитария қағидаларын қатаң сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін мектеп оқушылары 14 ақпаннан бастап дәстүрлі форматқа көшетіні хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети