Қазақстан мектептеріне жаңа лауазым енгізілді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан мектептеріне педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мектептеріне педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздің барлық өңірінде 700-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кірісті. БҒМ мәліметі бойынша, мұндай мамандар инклюзив білім беруде сұранысқа ие. Себебі, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көбірек көңіл бөлу қажет.

БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, педагог-ассистент - бұл мұғалімді алмастыру емес. Жаңа лауазым иесі балаларды сабаққа бағыттап оқу процесіне бейімделуге көмектеседі.

"Әңгіме ерекше қажеттілігі бар балалар туралы болғандықтан, педагог-ассистент өз бетінше қозғала алмайтын балаға физикалық қолдау да көрсетеді. Немесе балаға дефектологтың көмегі қажет болса оны да көрсетеді. Біз осы жұмысқа белсенді қатысатын ғылыми-өндірістік бірлестікке ризамыз", - деді Гүлмира Кәрімова.

Сондай-ақ, педагог-ассистент ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Қажет болған жағдайда оқу бағдарламалары білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай бейімделеді.

Қазіргі уақытта министрлікте білім беру ұйымдарына педагог-ассистенттерді қосу үшін олардың жұмыс жүктемесін айқындау бойынша жұмыс жасалып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro