Қазақстан мен Беларусь депутаттары ынтымақтастықты нығайтуға келісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Беларусь депутаттары ынтымақтастықты нығайтуға келісті Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Беларусь Республикасына ресми сапармен барып, парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Беларусь Республикасына ресми сапармен барып, парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Александр Лукашенкомен кездесуде Ерлан Қошанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың зор ықыласы мен ізгі тілегін жеткізіп, халықтарымыздың арасындағы терең тарихи байланысты атап өтті. Ол екі ел Президенттерінің сенімді саяси қарым-қатынасының арқасында бүгінде Қазақстан-Беларусь байланысы стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгеніне ерекше тоқталды.

Ерлан Қошанов Беларусь басшысына Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістер, соның ішінде жаңа Конституция жобасын қоғамда талқылау барысы туралы айтты.

Александр Лукашенко осы күрделі кезеңде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы парламентарийлердің рөлін ерекше атап өтті. Бұл орайда, ол Беларусь пен Қазақстанның көпполярлылық пен егеменді мемлекеттердің дамуын қолдайтынын, халықаралық күн тәртібінде ортақ ұстанымға ие екенін айтты.

Ұлттық жиналыстың Өкілдер палатасының басшысы Игорь Сергеенкомен кездесуде парламентаралық диалогтан бастап екі ел арасындағы экономикалық, мәдени ынтымақтастыққа дейінгі көптеген мәселе талқыланды.

"Екі ел арасында жемісті саяси диалог жолға қойылған. Өнеркәсіпте, машина жасауда және аграрлық салада кооперациялық байланыс кеңейіп келеді. Екі мемлекеттің парламенттері де өзара қарым-қатынастың қарқынды дамуына зор үлес қосуда. Заң шығару ісінде тұрақты тәжірибе алмасу жолға қойылып, достық топтары белсенді әрі жемісті жұмыс істеп жатыр, депутаттарымыздың арасында бекем байланыс орнаған", – деді Мәжіліс спикері.

Өз кезегінде Игорь Сергеенко Қазақстан Беларусь елі үшін әрдайым уақыт сынынан өткен дос, стратегиялық серіктес әрі одақтас болып қала беретінін айтты.

Депутаттар заңнамалық жұмыс бойынша өзара тәжірибе алмасуды жалғастыруға, парламентаралық ұйымдар аясында, достық топтары, салалық комитеттер мен парламенттер аппараттары желісі бойынша өзара іс-әрекетті нығайта түсуге уағдаласты.

Ерлан Қошанов екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы әріптестікті дамыту мәселелерін Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочановамен де талқылады.

Беларусь депутаттарымен кездесулерде Мәжіліс төрағасы Парламенттің құзыретін кеңейтетін конституциялық реформалар жүргізіліп жатқанын айтты.

Суреттер: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары Минскідегі Жеңіс монументіне гүл шоғын қойды. "БЕЛАЗ" зауытына және "Хатынь" мемлекеттік мемориалдық кешеніне барып, Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.76  course up  582.47  course up  6.46  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети