Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕО елшісіне Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында визалық режімді жеңілдету мәселесі бойынша оң шешім табылатыны жайлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қазіргі басты міндетіміз - 2015 жылы қол қойылған Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру. Сондай-ақ, Брюссельдің Орталық Азия елдеріне қатысты жаңа стратегиясын әзірлеуге күш жұмылдыру керек. Біз Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы визалық режімді жеңілдету мәселесі дұрыс шешімін табады деп сенеміз, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев биыл еліміздің Еуропа Одағымен дипломатиялық қатынас орнатқанына 25 жыл толғанын атап өтті.
Назарбаев жаңа елшілерден сенім грамоталарын қабылдады