24 наурыз 2014 | 19:42

Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналым көлемі 1 миллиард долларға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрұлтан Назарбаев. Сурет: tengrinews.kz Нұрұлтан Назарбаев. Сурет: tengrinews.kz

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия президенті Саули Ниинистёмен кездесті, деп хабарлайды, Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, технологиялық және инвестициялық салалардағы өзара ықпалдастықты жандандыру жолдарын қарастырды. Қазақстан Президенті С.Ниинистёнің біздің елімізге өткен жылғы мемлекеттік сапарынан кейін екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жандана түскенін атап өтті."Қазақстан сіздердің технологияларыңызға, сондай-ақ индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруды ескере келе, білім беру жүйесін дамытудағы тәжірибелеріңізге қызығушылық танытады. Сіздің сапарыңыздың қорытындысында коммерциялық компаниялармен құны 100 миллион долларлық келісімдерге қол қойылды, ал тауар айналымының көлемі 1 миллиард долларға жетті", – деді Нұрсұлтан Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаев бұл кездесу бүкіл әлемде жаһандық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор мәні бар саммит аясында өтіп жатқанына да тоқталды. "Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан және Семей ядролық полигонын жапқан ел ретінде бұл іс-шараға тікелей қатысы бар. Біз мұндай форумдардың өткізілгеніне қуаныштымыз, өйткені олар тұрақсыздық және деструктивтік күштердің ядролық қаруды иелену тәуекелі артып отырған жағдайда ерекше қажет", – дейді Мемлекет басшысы. "Финляндия Президенті Астанаға былтырғы сапары кезінде өзінің зор таңданысын туғызған әсерімен бөлісті. Менің сапарымның нәтижелері көп үміт күтерліктей болды. Екіжақты сауда көрсеткіштері өсті. Финляндия іскер топтарының Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты дамыту үшін өзара ықпалдастыққа мүдделілігі арта түскенін атап өтпекпін", – деді С.Ниинистё.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети