27 шілде 2022 16:56

Қазақстан мен Грузия өкілдері бірқатар келісімге қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©primeminister.kz ©primeminister.kz

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов елімізге ресми сапармен келген Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов елімізге ресми сапармен келген Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, өзара инвестициялар мен бизнес-байланыстарды кеңейту, екі елдің туристік әлеуетін дамыту, жаңа әуерейстерін ашу, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайылов қазіргі уақытта бірлескен күш-жігердің арқасында өзара тауар айналымының рекордтық көрсеткіштерге жеткенін атап өтті. Тауар айналымы 31,7 миллион доллардан 147,7 миллион долларға дейін өсті, бұл былтырғы осы кезеңімен салыстарғанда 4,7 есе көп.

"Оң динамиканы сақтау үшін бізде барлық мүмкіндіктер мен құралдар бар. Бүгін қол қойылған Өзара тауар айналымының номенклатурасын кеңейту жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған жол картасы екі ел арасындағы саудаға қосымша серпін беретініне сенімдімін", - деді ҚР премьер-министрі.

Өз кезегінде Ираклий Гарибашвили Қазақстан мен Грузияның азық-түлік қауіпсіздігі мен жүк тасымалдауды қоса алғанда, көптеген салада ынтымақтастықты кеңейту бойынша әлеуеті зор екенін атап өтті.

"Екі ел арасында сауда, инвестициялық және бизнес-ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Бірлескен жобалар аясында табысты кооперацияның көптеген мысалдары бар. Сонымен қатар, біз екі ел экономикасын дамыту үшін одан да көп жұмыс жасай аламыз. Сондықтан жаңа мүмкіндіктер мен өзара тиімді бағыттарды қарастыру қажет", - деді Ираклий Гарибашвили.

Кездесуде тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту мәселелерін де талқылады.

Оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін теміржол учаскелері мен теңіз порттарындағы инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастау, сондай-ақ қолданыстағы тарифтерді қайта қарау қажет екені атап өтілді.

"Бұл жоба екі ел үшін стратегиялық маңызға ие. Қазақстан тараптар мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, өңірдің көлік-транзит әлеуетін дамыту жөніндегі барлық бастамаларды қолдайды. Жалпы, ТХКБ әлеуетін арттыру үшін басқа қатысушылармен бірге "тар" тұстарын синхронды жою және оның әлеуетін дамыту бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жол картасын әзірлеуді ұсынамыз", - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, премьер-министр екі ел арасындағы туристік әлеуетті, оның ішінде эко- және этно-туризм тұрғысынан дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бүгінде Қазақстан Грузияға 34 тікелей әуерейсін жүзеге асырады. Бұл орайда Қазақстанның 12 әуежайында шетелдік әуекомпаниялары үшін ашық аспан режимі енгізілді. Оның аясында рейстер саны бойынша барлық шектеуді алып тастау көзделген.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірқатар екіжақты құжатқа қол қойды: Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара тауар айналымының номенклатурасын кеңейту жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған жол картасы, Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігі арасындағы ынтымақтастық меморандумы, сондай-ақ "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Грузия темір жолы" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети