Қазақстан мен Италия делегациялары қандай құжаттармен алмасты?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Италия делегациялары қандай құжаттармен алмасты? Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони келіссөздер қорытындысы бойынша Стратегиялық серіктестікті кеңейту жөнінде Бірлескен мәлімдеме қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони келіссөздер қорытындысы бойынша Стратегиялық серіктестікті кеңейту жөнінде Бірлескен мәлімдеме қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ресми делегация мүшелері мынадай құжаттармен алмасты:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Италия Республикасы Үкіметі арасындағы тұлғалардың реадмиссиясы туралы келісім;
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Италия Кәсіпорындар және "Италияда жасалған" министрлігі, Қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрлігі арасында аса маңызды қазба байлықтары мен шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме;
  • "Самұрық-Қазына" АҚ мен Maire Tecnimont арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • "Самұрық-Қазына" АҚ мен Ansaldo арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен OICE арасында су ресурстарын басқару саласында білім және озық тәжірибе алмасу арқылы суға қатысты сын-қатерлерге байланысты практикалық шешімдерді ілгерілету жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру туралы меморандум;
  • Қазақстан Даму банкі, Cassa Depositi e Prestiti S.p.A. және SACE SpA арасындағы бірлескен декларация;
  • "Самұрық-Энерго" АҚ және SACE SpA арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • "Kazakh Invest" ҰК" АҚ мен Italian Trade Agency арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети