Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері тактикалық арнайы оқу-жаттығу өткізді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің "Ыстықкөл - Аңырақай-2019" бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің "Ыстықкөл - Аңырақай-2019" бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Екі елдің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жаттығуы "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығының базасында аяқталды.

Теориялық және практикалық сабақтар барысында екі елдің әскери қызметшілері таулы, тактикалық арнайы даярлық элементтерін пысықтап, әскери топография мен байланысты ұйымдастырудағы білімдерін жетілдірді.

Таулы дайындық маңызды практикалық кезең болды. Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшісінің айтуынша, біздің жеке құрам сақтандыруды пайдалана отырып, тауға өрмелеу мен түсу, сондай-ақ таулы жерде қозғалу бойынша жаттығуларды сапалы пысықтады.

Одан басқа, екі елдің әскери бөлімшелері құрама жасақ құрамында қарсыластың барлауына дайындалу және жүргізу, заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау бойынша арнайы операцияны орындады.

"Ыстықкөл - Аңырақай-2019" оқу-жаттығуы бірлескен жұмыста екі елдің бөлімшелерінің шынайы жауынгерлік әзірлігін, үйлесімділігін бағалауға мүмкіндік берді.

Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан оқу-жаттығуға екі арнайы мақсаттағы топ және бір броньдалған топ қатысты. Барлығы 30-ға жуық әскери қызметші.

Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің мұндай бірлескен жұмысының форматы жиі түрде жүргізіліп тұратынын айта кеткен жөн. Өткен жылы "Аңырақай-2018" оқу-жатығуына екі мемлекеттің 300-ден аса әскери қызметшісі қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro