15 шілде 2022 | 09:19

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы ұзын-сонар кезектің себептері айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sputnik.kg © sputnik.kg

Қырғызстан шекарасындағы ұзын-сонар кезектің негізгі себептері аталды. Демалыс маусымының басталуына байланысты туристер ағыны, сондай-ақ жанармайдың жаппай экспорты шекарадағы кезекке себеп болады. Одан өтуге кемінде үш сағат кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан шекарасындағы ұзын-сонар кезектің негізгі себептері аталды. Демалыс маусымының басталуына байланысты туристер ағыны, сондай-ақ жанармайдың жаппай экспорты шекарадағы кезекке себеп болады. Одан өтуге кемінде үш сағат кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

"Бізде маусымнан бері жағдай осындай, ПТР-сынама туралы талаптар жойылғаннан бастап. Көп қазақстандық, әсіресе ресейліктер Ыстықкөлге ағылып жатыр. Ал бізде бар болғаны 30 адам жұмыс істейді. Қырғызстан тарапынан да осынша адам бар", - деді аты-жөнін айтудан бас тартқан Қазақстан шекара қызметінің капитаны.

Бішкектік саясаттанушы Игорь Шестаков шекарада кезектің пайда болуын ресейліктер мен қазақстандықтардың ағынымен түсіндірді. "Қырғызстанда ресейлік нөмірлі көліктер айтарлықтай көп. Бәрі Ыстықкөлге барады", - деді ол.

Жүк көлігінің жүргізушісі Роман Николайчук бақылау-өткізу бекеттерінде мұндай жағдай жыл сайын болатынын айтты.

"Демалыс маусымы басталғанда жыл сайын осындай кезек пайда болады. 15 минут сайын бес көлік қана өтеді, бір жағынан шекарашылар мен кеденшілер тексереді, екінші жағынан - кем дегенде бір сағат кетеді. Бірақ биыл оларды ПТР-сынамасыз кіргізе бастағаннан кейін тағы бір мәселе пайда болды. Кезекте тұрғандардың 80 пайызға жуығы Қазақстаннан бензин тасымалдайды", - деп түсіндірді азамат.

Жеке көліктермен Қырғызстанға жанармайдың жаппай экспорты мәселесі Қазақстанда маусымның басында жергілікті БАҚ өкілдерінің шекарада бірнеше рет жүргізген рейдтерінен кейін байқалған.

Шекара қызметі мәліметінше, 2022 жылдың маусымында ғана Қазақстаннан Қырғызстанға автокөліктермен 570 мың литрден аса түрлі жанармай тасымалданған.

Осыған дейін Tengrinews.kz тілшілері шекаралас Қордай ауылына бірнеше рет барып, көлікпен шекарадан өту үшін неге көп уақыт кезекте тұру керек екенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети