22 қараша 2014 | 12:58

Қазақстан мен Қытай жауынгерлік әзірлік саласында өзара іс-қимылды кеңейтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мұрат Майкеев пен Қытай Халық-азаттық армиясы Құрлық әскерінің бас қолбасшысы Чжан Цзяньшэн. ©Ермек Сарбасов ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мұрат Майкеев пен Қытай Халық-азаттық армиясы Құрлық әскерінің бас қолбасшысы Чжан Цзяньшэн. ©Ермек Сарбасов

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері жауынгерлік әзірлік саласында өзара іс-қимылды кеңейтетін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері жауынгерлік әзірлік саласында өзара іс-қимылды кеңейтетін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев пен Қытай Халық-азаттық армиясы Құрлық әскерінің бас қолбасшысы генерал-майор Чжан Цзяньшэн әскери саладағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелерін талқылады.

Халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде өткен кездесуде Мұрат Майкеев ҚХР Халық-азаттық армиясы делегациясының Қазақстанға сапары жауынгерлік әзірлік саласындағы қарым-қатынастарды кеңейту мен тәжірибе алмасу үшін маңызды екеніне тоқталды. Өз кезегінде генерал-майор Чжан Цзяньшэн ШЫҰ аясында өткізіліп келе жатқан оқу-жаттығулар барысында көрсетілген қазақстандық әскери қызметшілердің кәсіби деңгейінің жоғарылығын атап өтті.

Сонымен қатар кездесу барысында әскери кадрлар даярлау және әскери ғылым салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети