08 қараша 2014 11:51

Қазақстан мен Қытай шекарасы маңында жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фото tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Қазақстан мен Қытай шекарасы маңында жер сілкінді, - деп хабарлайды Қазақстанның мәліметтер ұлттық орталығына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан мен Қытай шекарасы маңында жер сілкінді, - деп хабарлайды Қазақстанның мәліметтер ұлттық орталығына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

"Геофизикалық зерттеулер институты РМК-ның мәліметтер орталығы жедел жеткізген ақпаратына сәйкес, 2014 жылы 8 қарашада таңғы 8 сағат 10 минут уақытында жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің өзегі Алматының оңтүстік-шығысынан 275 шақырым қашықтықтағы Қазақстан мен Қытай шекарасының маңы. Сілкінудің энергетикалық белсенділігі - 10.1 MPV, шайқалысы - 4.7, тереңдігі - 5 шақырым" делінеді алдын ала келтірілген деректе. 

Еске сала кетелік, 27 қазанда Қазақстан территориясындағы Алматының оңтүстік-батысынан 586 шақырым жерде 3,9 балдық, сондай-ақ 16 қазанда Таразға жақын маңда 3,6 балдық жер сілкінісі болды деп хабарланған. Соңғысы Астана уақытымен таңғы 5-тен 23 минут кеткенде тіркелген. Оның өзегі Жамбыл облысының Тараз қаласынан 72 шақырымда, ал Алматының оңтүстік-батысынан 522 шақырымда болған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети