Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді Скриншот Google Карта

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жер асты дүмпуі 22 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 06:30-да тіркелді.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 508 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.

Еске салайық, 2025 жылы 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.

Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети