Қазақстан мен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлерінің келіссөзін тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлерінің келіссөзін тоқтатты Фото:depositphotos.com

Оңтүстік Кореяның Ұлттық қорғаныс министрлігі 5 желтоқсанға жоспарланған Қазақстан мен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлерінің арасындағы келіссөздердің тоқтатылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The JoongAng басылымына сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі мәліметінше, кездесудің тоқтатылуы қазақстандық тараптың сапардан бас тартуымен байланысты болған.

"Тараптар қазіргі жағдайды ескере отырып, іс-шараны тоқтату туралы келісімге келді", – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Біз бұл жағдайға байланысты пікір алу үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне жүгіндік.

Еске салайық, бұған дейін Сеулде қақтығыстар басталғаны хабарланған болатын. Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі отставкаға кететінін жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети