Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин видеоконференция арқылы Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин видеоконференция арқылы Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Қос тарап Өзбекстан Республикасы президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен (биыл 6 желтоқсанда) өткізген келіссөздерінің, ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 19-отырысының (биыл 26 қарашада) қорытындысы бойынша уағдаластықтардың іске асырылу барысын қарады.
Сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, өнеркәсіптік кооперация, цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру, туризм және басқа да салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Ынтымақтастықтың әрбір бағыты бойынша екі елдің салалық министрліктері мен ведомство басшылары баяндама жасады.
Қазақстан мен Өзбекстанға Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың 70 пайызға жуығы тиесілі. 2021 жылдың 10 айында екіжақты сауда көлемі 3,26 миллиард доллар болды, бұл 2020 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 29,8 пайызға жоғары. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш 2019 жылдың 10 айымен салыстырғанда 10,6 пайызға жоғары. Қазақстаннан Өзбекстанға экспорт көлемі 2020 жылдың 10 айымен салыстырғанда 31,6 пайызға ұлғайып, 2,37 миллиард долларға жетті. 2019 жылдың 10 айымен салыстырғанда көрсеткіш 34,3 пайызға артты. Экспорттың өсуінің негізгі бағыттары ауыл шаруашылығы және АӨК (+17 пайыз), мұнай өңдеу секторы (2,2 есе), металлургия (+99,3 пайыз), автокөлік жасау (+28,3 пайыз) өнімдері болды. Өзара сауда көлемін қысқа мерзімді кезеңде 5 миллиалрд долларға дейін және орта мерзімді перспективада 10 миллиард долларға дейін жеткізу міндеті қойылды.
Екі ел шекарасында "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Фото: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі өнеркәсіптік кооперация, су энергетикасы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығының басымдығы туралы айтты. Қазақстанның Өзбекстанмен өзара іс-қимылының жоғары деңгейіне транзиттік көлік саласында бірқатар жұмыс жүргізілді. Теміржол инфрақұрылымын – "Түркістан – Шымкент – Ташкент" жоғары жылдамдықты жолаушылар магистралін және "Дарбаза – Мақтаарал – Жизақ" теміржол желісін дамыту, автокөлік өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі бірлескен ірі жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы жылдың 11 айында ҚР мен ӨР арасындағы теміржол тасымалының көлемі 22,7 млн тоннаға жетті.
Екі елдің қоршаған ортаны қорғау, су және орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы дамып жатыр. Бірлескен күш-жігермен вегетация кезеңінде Тоқтоғұл және Қайрақұм суқоймаларынан қосымша су жіберілді, бұл ҚР мен ӨР ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің сұранысын қамтамасыз етті. Арал теңізінің өзекті экологиялық проблемаларын шешу, бүкіл Арал маңының әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау бойынша бірлескен жобалар іске асырылып жатыр.
"Жыл қорытындысы бойынша айтарлықтай нәтижелерге және маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік дамып жатыр", - деді А.Мамин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!