23 сәуір 2014 | 12:37

Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай жүйесін құрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тengrinews.kz Фото ©Тengrinews.kz

Парламент Мәжілісі "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісі "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

"Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйенің мақсаты екі мемлекеттің әуе кеңістігін күзету және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады", - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров Мәжілістің жалпы отырысында. Оның айтуныша, бұл жүйе ТМД қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. 

"Бірыңғай жүйе бейбіт уақытта әскерлердің жауынгерлік кезекшілігін атқару мен бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастыруды қарастырады. Ал соғыс уақытында Тараптар өздерінің ұлттық заңнамаларында көзделген тәртіппен өз әскерлері мен құралдарын қолдану туралы шешім қабылдау құқығын өзіне қалдырады", - дейді Оқас Сапаров.

Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерін Тараптардың қорғаныс министрлерінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен РФ Президенті лауазымға тағайындайтын қолбасшы басқаратын болады. Ал Қазақстандағы қолбасшылық Алматы қаласында орналасады.

"Бірыңғай өңірлік жүйені жетілдіруге қатысты нақты қадамдардың бірі - біздің қарулы күштерімізді зениттік зымыран кешендерімен жабдықтау болып табылады. РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей тарапының Қазақстанға өтеусіз негізде үш жүз зениттік зымыран кешенін беруге әзірлігін мәлімдеген болатын, Біздің сарапшылар осы келісімді пысықтауда", - деді министр орынбасары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети